«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» демекші, ұрпақ тәрбиесінде, білім саласында мұғалімнің алатын орны ерекше. Шәкірттің білімді әрі талапты болуы үшін мұғалім де кәсіби машықтарды жетік меңгерген, заман талабына сай жаңашыл болуы тиіс.
Осы орайда білікті ұстаздардың тәжірибесін таратуға еліміздің білім саласында ден қойылған. Мәселен, жыл сайын өтетін «Республикалық педагогикалық оқулар» байқауы осындай мақсатты көздейді.
Таяуда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер" тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық педагогикалық оқулары болып өтті.
Педагогикалық оқу мұғалімдердің, халық ағарту жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен өтіп, кеңестер беріліп отырылады.
Педагогика саласы қызметкерлерінің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жетілдіру, педагогтің кәсіби деңгейін дамыту, озық тәжірибені анықтау және насихаттау мақсатындағы оқуда білім сапасын арттыруда оқыту технологиялары мен платформалары тиімді қолданылады.
Байқауға ауданның білім беру ұйымдары бойынша 96 педагогтен сұраныс түсіп, І орын алғандар облыстық кезеңге жолдама алды.
Олар үздік идеялары мен жобаларын келесі облыстық кезеңде таныстыратын болады.
Ж.Қамза