Бүгін, 1 наурыз күні "AMANAT" партиясы Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметіне Долдашев Айбол Темірбайұлы тағайындалды.
Ауданға іс-сапармен арнайы келген "AMANAT" партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов жаңа басшыны ұжымға және аудан активіне таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Айбол Долдашев 1986 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл селосында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2006 жылы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжін «Бастауыш сынып және бастауыш сыныптардағы информатика пәні мұғалімі» мамандығы және 2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатында информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған ол білім беру саласындағы түрлі қызмет жолынан өтті.
2020 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін Мақат аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Жиын барысында сөз алған Айбол Темірбайұлы өзіне жүктелген зор жауапкершілік пен сенімді ақтайтынын жеткізді.