Дарынды оқушының талантын анықтап, дамуына ұйытқы болар байқаулар аз емес. Осы арқылы жас ұрпақтың жан-жақты дамып, білімдерін дәлелдеуге мүмкіндіктер беріліп отыр.
Соның бірі – телевизиялық «Дарын» білімділер додасы. Айтулы додаға аудан оқушыларының арасында іріктеу кезеңі өткен болатын. Оған жеті мектептен 31 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Бұл додада оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету мен интеллектуалды мүмкіндіктерін арттыру басты назарға алынған.
Аталған дода жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары арасында ғана өтетінін еске сала кетейік.
Ж.Нұрбегісқызы