Солтүстік Каспийдегі теңіз операцияларының басталғанына 30 жыл толуына орай Мақат ауданында екі күн қатарынан ауқымды шаралар өтеді.
Атап айтқанда, бүгін сағат 20.00-де “KASHAGAN JUDO CUP 2023” атты дзюдодан облыстық турнир тізгін қағады. Ал ертең сағат 20.00-де «Мұнайлы өлкем, өркенде!» атты концерті өтеді. Мерекелік концертте Qanay, Qarakesek, Ақылбек Жеменей және жергілікті өнер жұлдыздары әннен шашу шашпақ. Екі шара да Мақат кентінің орталық алаңында көрермен назарына ұсынылады.
Айта кетейік, Солтүстік Каспий жобасы Қазақстан Республикасында теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша алғашқы ірі жоба болып табылады. Ол Қашаған, Қайраң және Ақтоты кен орындарынан тұрады.
2016 жылы Қазақстанның тарихында тұңғыш рет Қашаған теңіз кен орнында мұнайды коммерциялық өндіру басталды.