ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ЖИНАЛДЫ

(0 Votes)

13 қараша күні Тасшағыл ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Шара барысында ауыл ішіндегі көшелер, жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Ауыл жастары, мекеме қызметкерлері және еріктілер бірлесіп аумақты тазарту жұмыстарына белсенді қатысты.

Мұндай акциялар табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Қоршаған ортаға жанашырлық танытып, туған жердің таза әрі көрікті болуына үлес қосу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT