Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек», – деп атап өтті.
Президент цифрландыру мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуы – қазіргі заман талабы екенін ерекше атап өтіп, бұл бағытта жүйелі әрі батыл қадамдар жасау қажеттігін жеткізді.
Шын мәнінде, бұл бастама – уақыт талабына сай, елді болашаққа жетелейтін стратегиялық шешім.
Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар – мемлекетіміздің жаңа даму кезеңінің қозғаушы күші, экономиканың тиімділігін арттыру мен қоғам өмірінің барлық саласын жаңғыртудың басты тетігі.
Ендігі міндет – осы мүмкіндіктерді дұрыс, тиімді және қауіпсіз пайдалана білу.
Сонда ғана Қазақстанның цифрлық болашағы баянды, технологиялық дамуы тұрақты болмақ.
М.Әнесұлы,
аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы



