Мемлекеттің мықтылығы мен тұрақтылығы – ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты.
Ауданымызда бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетті арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Айталық, тәртіп сақтау қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары және алдын алу шаралары жиі ұйымдастыруда.
Әсіресе, есірткі заттарын қолдануға, лудоманияға (ойынқұмарлыққа) қарсы бағытталған түсіндіру жұмыстары күшейтілді.
Бұл бастамалар – заңсыздықтың алдын алу, жастарды теріс әдеттерден қорғау, және қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Қ.Омаров,
аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі



