Қауіпсіз қоғам қалыптастыру – ортақ міндет

Қауіпсіз қоғам қалыптастыру – ортақ міндет
(0 Votes)

Мемлекет басшысының қоғам қауіпсіздігін күшейту және құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында ауданымызда заң мен тәртіпке ерекше назар аударылуда. Заң мен тәртіп – тыныш ауданның тірегі. Қоғамның қалыпты дамуы үшін ең алдымен қауіпсіз орта қажет. Бұл – тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Соңғы уақытта ауданымызда құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар тиімді шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары тұрғындармен кездесіп, есірткіге қарсы, ойынқұмарлықтың зияны жөнінде, жол қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл тек ескерту шаралары ғана емес, ауданның болашағын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Өйткені қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі сақтау мәдениеті қалыптасқан жерде ғана даму, бірлік және тұрақтылық орын алады.

М.Әнесұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT