БАЛУАНДАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ

(0 Votes)

 Бүгін Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Мақат ауданының Құрметті азаматы, ауданымызда еркін күрестің және спорт мектебінің негізін қалаушы, еркін күрестен КСРО спорт шебері, жерлесіміз Құсайынов Тлекқабыл Базарбайұлын еске алуға арналған еркін күрестен ашық республикалық турнир өтті.

 Жарыстың ашылу салтанатында алдымен мемлекеттік Әнұран орындалды.

Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Құттықтаулар легін жалғаған Тілекқабыл Құсайыновтың жұбайы Ағилаш Жаншин де спортшыларға ізгі-тілегін жеткізді.

Еске алуға арналған бұл республикалық турнирге Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан және Жаңаөзен қаласынан, Құрманғазы, Индер, Жылой, Махамбет, Мақат аудандарынан келген 400-ге жуық спортшы қатысты.

Сайыс қатысушылары 35 келі салмақтан 85 келі жоғары салмақ дәрежесіне дейін белдесіп, өзара бақ сынады.

Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом, кубок,медальдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Б.СЕРІК

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT