Халықтың әл-ауқаты үшін жасалған маңызды қадам

Халықтың әл-ауқаты үшін жасалған маңызды қадам
(0 Votes)

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттермен жаңа Құрылыс кодексінің мақсаты толық сабақтасып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұрақты дамуы үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту, экологиялық және санитарлық нормаларды күшейту қажет екенін ерекше атап өткен болатын.

Қазіргі таңда су тапшылығы – еліміздің барлық аймақтарында сезіліп отырған өзекті мәселе.

Осыған байланысты су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу – дер кезінде қолға алынған нақты шешім. Бұл жүйе суды тиімді әрі әділ бөлуге, ысырапты азайтуға, сондай-ақ жалпы процестің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануы да өзекті. Құрылыс саласы экологияға, тұрғындардың денсаулығына және өмір сапасына тікелей ықпал етеді. Осы құжаттың арқасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы біріздендіріліп, құрылыс жұмыстарының сапасы артып, халықтың өмір сүру деңгейі жақсара түспек.

 

К.Ищанғалиев,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT