Аудандық халықтық «Мөлдір мұнай» фальклорлық ансамблі және үлгілі «Шаттық», «Еркем-ай» би ансамблдері осыдан үш жыл бұрын «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарын алған болатын.
Сол атақтарын қайта қорғамақ ниетте бүгін аудандық мәдениет үйінде арнайы кеш өтті.

Кешті алғашқы болып аудандық, облыстық шараларда жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп жүрген халықтық «Мөлдір мұнай» фальклорлық ансамблі Б.Ақтаевтің «Арнау» туындысымен ашты.

Әрі қарай үлгілі атағын рәсімдегелі тұрған қос ұжым «Шаттық» және «Еркем-ай» би ансамблдері өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің жоғары бағасын алды.
Шара барысында сөз алған облыстық халық шығармашылығы орталығының маманы, Мақат ауданы бойынша куратор Райгүл Қабдолова:

«Құрметті өнерпаздар! Бүгінгі көрсеткен өнерлеріңіз үлкен дайындық пен тынымыз еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», - деді.

Айта кетейік, фальклорлық ансамбль мен би топтарының «Халықтық», «Үлгілі» атақтарын алуы келер желтоқсан айында белгілі болмақ.
С.Бекарыс
Суреттер автордікі


