Округ көлемінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық ағаш егу акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында Балқұдық ауылында 1989 жылы туылған, Балқұдық жалпы орта мектебін 2006 жылы бітірген мектептің 41 түлегі демеушілік жасап, 40 түп сүмбіл және 20 түп үйеңкі ағаштары егілді.
Сонымен қатар Қоңыртерек ауылында «Қоңыртерек плюс» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Рахметуллиннің демеушілігімен 40 түп тал мен теректер отырғызылды.
Бұл шараның басты мақсаты – ауылды көгалдандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау ісіне тұрғындарды тарту.


