Аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, ауыл тіршілігі мен тұрмысына қатысты басқа да түрлі жиындарда тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін тақырыптың бірі – көшелерді жарықтандыру мәселесі.
Көшелердің бойына орнатылған жарықтандыру шамдары ауызсу, газ, жол және байланыс салалары секілді ауыл мәдениеті мен көркінің ажырамас бөлігі болып есептеледі. Жарық жүйесі тіптен іңір қараңғылығы түскенде іске қосылып, жолаушыға жол сілтеп, мектептен қайтқан оқушыларға табан жолын көрсетіп қана қоймай, түнгі уақытта адамдар қауіпсіздігіне де қорған болады. Көшелерді жарықтандыру үшін қауіпсіз әрі тиімді энергия қондырғыларын енгізу маңызды әрі басымдыққа ие болатындығы сондықтан. Яғни, көше жарығы әр ауылдың сәні.
Осы бағытта аудан орталығы Мақат кентінде бірқатар жұмыстар легі жүріп жатыр. Кент көшелерін жарықпен қамтамасыз ету мақсатында, жобалау сметалық құжатнама жасақталып, 2018 жылдың қараша айында мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2020 жылы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында бюджеттен қаражат бөлініп мемлекеттік сатып алу веп порталы арқылы «Ашық конкурс» тәсілімен конкурс жарияланып қорытындының хатамасына сәйкес «ЖАЙЫҚ ЖАРЫҒЫ» ЖШС-і жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз медігер мекемемен ағымдағы жылдың сәуір айындағы №6 келісім шарт негізінде техникалық және авторлық қадағалаушылар анықталған болатын.
Авторлық қадағалаушы «Атырау Эксперт Проект» ЖШС-мен 2020 жылдың сәуір айында №6 келісім шарт орнатылса, техникалық қадағалаушы «СТРОЙИНТЕГРАЦИЯ» ЖШС-мен 2020 жылдың 16-шы сәуір күнгі №7 келісім шарт негізі жасақталды.
Келісім шарт негізінде кенттің 12 көшесіне 18 шақырым көше жарығы жүргізілуде. Қазіргі таңда кентіміздің 6 көшесіне 204 дана бағана шамы орнатылды. Атап айтсақ, Мұнайшы газетіне 60 жыл көшесіне – 38 дана, С.Бекжанов көшесіне – 51 дана, Б.Төлекбаев көшесіне – 44 дана, 4-бөлімше көшесіне – 18 дана, Ж.Жұмағалиев көшесіне – 47 дана, Локомотив көшесіне - 6 дана бағана шамы орнатылды.
Құрылыс жұмыстарына монипулятор, автокран, автовишка және Ямабур автокөлік техникалары мен 12 құрлысшы жұмылдырылған.
Алдағы уақытта «Береке» ықшам ауданы, Ә.Жангелдин, С.Мұқашев, Л.Шахатов көшелері жарықтандырылатын болады.
Көше жарығы - кез келген ауылдың бет-бейнесін көрсетеді. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде өңірімізде ауқымды тірліктер атқарылуда. Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде көшелерді жарықтандыру, электр желілерін жаңғырту сынды жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып келеді.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі