Білім ошақтарына залалсыздандыру құралдары алынды

(0 Votes)

Жаңа оқу жылына мектептерді дайындау үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарын залалсыздандыру, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үнемделген қаражат есебінен жүргізілді. Барлық мектептерге қауіпсіздік шараларын алдын алу үшін тоннельдер, санитайзерлер, тепловизорлар, аяқ киім үшін кілемшелер орнатылуда.

Сондай-ақ, аудандағы 9 мектептің 335 оқушысы мен 21 мұғаліміне компьютерлер уақытша пайдалануға берілді.

Мектеп оқушыларын оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар атқарылды.

Республиканың 10 баспасымен 22077 дана кітап алуға келісім-шарт жасақталған болатын. Оқу құралдарын жеткізуші мекеме «Қазпошта» АҚ-ы 25-26 тамыз күндері оқулықтарды жеткізіп, тамыз айының аяғына дейін оқушыларды толық қамту жоспарланып отыр.

 

Мақат аудандық білім беру бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521