Қазіргі уақытта ауданның эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанып, індет жұқтырған науқастардың тіркелуі бәсеңдеді.
Бүгінгі күнге дейін ауданда – 280 COVID-19 жағдай тіркелді. Оның – 138-і Мақат кентінен анықталса, 137-сі доссорлық тұрғындар. Тағы 5-еуі Бәйгетөбе ауылдық округінен тіркеліп отыр.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған – 1069 тұрғын бар.
Бүгінгі күні 274 науқас ауруды жеңіп шықты. Оның 140-ы Мақат және 134-і Доссорлық тұрғындар.
Аудандық аурухананың провизорлық стационарында 3 науқас ем қабылдап жатса, аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 6 науқас індетпен күресуде. Үй карантинінде 1 адам оқшаулануда. Бір қуантарлығы, Доссор селолық ауруханасының провизорлық стационарында емделушілер жоқ.
Өкінішке орай, аты жаман ауру ауданның 19 тұрғынның өмірін жалмап кетті. Оның ішінде короновирустан 3 адам, пневмониядан 16 адам қайтыс болды.
Мақат аудандық жедел штабы
Сурет: ашық дереккөз