Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов Мақат кентінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында алдымен Мақат кентінде жасалған және алда жасалатын жұмыстар баяндалды.
Кездесуде тұрғындар тарапынан кәріз жүйесін орталықтандыру, қоқыс контейнерін орнату, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын қайта жөндеу, тазалық, жол, ойын алаңдарын салу мәселелері көтеріліп, бірқатар талап-тілектер айтылды.
Жиында аудан әкімі Азамат Саматұлы мен жауапты мекеме басшылары тарапынан тиісінше жауаптар беріліп, аудан әкімі айтылған талап-тілектер заң аясында оң шешімін табантындығын жеткізді.
Кездесуден соң аудан басшысы кент тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Ә.ҚАСЫМ