Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде аудан әкімі Азамат Мәмбетов ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде барысында алдымен Бәйгетөбе округінде атқарылған және алда атқарылатын жұмыстар баяндалды.
Кездесуде ауыл тұрғындары спорт кешенінің құрылысы, ішаралық автобус, көше жарығы сынды мәселелерді көтеріп, ауылға қажетті бөгет, балабақша, ойын алаңдары, жаяу жүргіншілер жолын салу туралы ұсыныстарын жеткізді.
Жиында аудан әкімі Азамат Саматұлы айтылған талап-тілектер ескерусіз қалмайтындығын және барлық жұмыстар заң аясында жүргізілетіндігін айтты.
Кездесуден кейін, аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Ә.ҚАСЫМ