Аудандық Жастар ресурстық орталығында әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай білімділер бәйгесі өтті.
Шарада аудан әкімі Азамат Саматұлы құттықтау сөз сөйлеп әлеметтік сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Логика мен эрудиция сарапқа салынатын қазақша куиз ойынына мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік сала мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарынан құралған 5 команда қатысты.
Аталмыш ойын зияткер орта қалыптастыруға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулуды мақсат етеді.
Ойын барысында қатысушылар əр тур сайын күрделі жəне тақырыпты сұрақтарға жауап берді.
Ойынның нəтижесінде аудандық мансап орталығы қызметкерлерінен құралған «Мансап» командасы жүлделі I орынды жеңіп алса, Мақат ауданы мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығынан «Керемет жасаушылар» командасы II орынды, аудан әкімдігі қызметкерлерінен құралған «Бірлік» командасы III орынды иеленді. Аталған командалар ойын соңында аудан әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Ә.ҚАСЫМ