Аудан орталығында таңғы сағат 07:00-ден бастап, сайлау учаскелерінде Мақат кенті әкімі сайлауының ашылу салтанаты өтті.
Кент бойынша 6 учаскеде мемлекеттік әнұран шырқалып, толығымен жұмысқа кірісті.
№207 сайлау учаскесінің комиссия хатшысы Ақсәуле Асылбекқызы аталған учаскеде 1697 тұрғын дауыс беруші барын айтады.
Сондай-ақ, алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға естелік сыйлық табысталған.