Бүгін, 30 маусым күні газетіміздің оқырмандары көптен күткен ұтыс ойыны ойнатылды. Балама түрде жазылушыларымыздың арасында ұйымдастырылған ұтыс ІІ жарты жылдыққа газетке жазылудың басты ерекшелігі еді.
Оқырмандарымызды ынталандыруға Дарын Тілеуғалиев («Марат» дүкені), Қолаңшаш Тұрсиева («Айбас нан» наубайханасы), Дастан Иманбаев («Олжа» кафесі), Генадий Биманов («Қазына» мейрамханасы), Бейбігүл Исенаманова («Бақырыс» мейрамханасы), Қуаныш Исмағұлов (облыстық мәслихат депутаты), Әділбек Идиятов (аудандық мәслихат депутаты), Әсел Алдиярова («Әсел» балабақшасы), Айман Айтжанова («Бекзат» дүкені), Бердібек Айтқалиев («Рамазан» дүкені) және Айман Молдағалиева («Ален» әмбебап дүкені) секілді жергілікті кәсіпкерлеріміз қолдау көрсетті. Ал "Атырау-Ақпарат" ЖШС "Mechta.kz" сауда үйіне сертификат ұсынды. Сонымен қатар, Нұрхан Есмұханов, Нұркен Онғаров, Айдос Құбаев атты демеушілеріміз өз аттарынан тұрғындарды газетке жазып берді.
Бұған дейін де жарияланған жарнамамызда көрсетілгендей, ойынға барлығы 26 сыйлық тігілді. Оның ішінде 10 «Mechta.kz» сауда үйіне 30 000 теңгелік сертификат, 9 тұрмыстық техника, 6 ынталандыру сыйлығы және 1 құпия сыйлық болды.
Солайша 809 қатысушының 26-сының бағы жанып, қуанышқа кенелді. Нақтырақ айтсақ, ынталандыру сыйлықтары Жанар Тыныбаева, Майра Қылышева, Азамат Тілеуов, Асылай Тоғанбаева, Анар Өтешова және Иіс Курбеноваға, вафель қалыбы Қарлығаш Қадыроваға, блендер Жанбике Қабдоловаға, еттартқыш Аида Мұқановаға, шабадан Әлия Жұмахановаға, бу үтігі Мираш Бисенғалиеваға, ұялы телефон Бақтыгүл Кекілбаеваға, шаңсорғыш Нұрман Ермұратовқа, қысқатолқынды пеш Өтеген Мырзағалиевке, «Asel» пеші Жұмабек Ищановқа, «Mechta.kz» сауда үйіне 30 000 теңгелік сертификаттар Әділхан Әжібаев, Гүлжайна Салимова, Қарлығаш Сидеғалиева, Асқар Жақсыбеков, Мейіргүл Имақашева, Айзада Есболатова, Бауыржан Мұхамбетов, Света Қадырбаева, Айнагүл Отарбаева және Ботакөз Ақорыноваға бұйырды.
Ал құпия сыйлық - отбасылық ашық үлкен бассейнді мақаттық тұрғын Гүлжанат Жұмабаева жеңіп алды.
Жыл соңына дейін қолдарына газетіміз тиетін басқа оқырмандарымыз да ештеңеден ұтылмағаны анық. Ендеше, әрбір үйдің төрінде «Maqat tynysy» болсын, ұтыс ойынының алды-арты бұл емес!
А.ЕСЖАН