№208 сайлау учаскесіне таң ата салысымен келушілердің қарасы калың.
Сайлауға бірінші болып келіп, дауыс бергендердін арасында кент тұрғыны Талғат Амангелдіұлы бар. "Бүгін жасаған таңдауымыз кентіміз үшін өте маңызды. Сондықтан, мен сенім артқан кандидатыма өз дауысымды бердім”, - дейді ол.
Айта кетейік, №208 сайлау учаскесінде 1082 тұрғын дауыс беруші болып бекітілген. Комиссия төрайымы Айнұр Есимованың сөзінше, қазірге дейін 7% тұрғын дауыс беріп үлгерген.