Жақында Мақат ауданының 100 жылдығына орай "MAQAT BANDFEST" облыстық вокалды-аспапты ансамбльдерінің фестивалі өтті.
Оған Атырау қаласынан және Махамбет, Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Мақат аудандарынан вокалды-аспаптар ансамбльдері қатысты.
Фестивальде алдымен сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов шараға қатысушы әр ауданнан және қаладан келген өнер ұжымдарына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Шара шымылдығын Атырау қаласынан келген "Жас дәурен" вокалды-аспапты ансамблі ашып, "Қазақтай ел қайда", "Сезім үшін", "Әкешім-анашым", "Іңкәрім-ай", "Жігіттер жыры" әндерін орындаса, одан әрі Құрманғазы ауданының "Толқын" халықтық вокалды-аспапты ансамблі "Іңкәрім", "Құрманғазым", "Италяно", "Ғашығым", "Кездесер" әндерін шырқады.
Сонымен қатар, фестивальде Махамбет ауданының "Ауыл таңы" вокалды-аспапты ансамблі "Саржайлау", "Ләйлім шырақ", "Сен туралы", "Машинист", "Алматым-алтын бесігім", Индер ауданының "Ақ Жайық" халықтық-вокалды-аспапты ансамблі "Туған дала", "Сұлуым", "Жан ана", "Мұңайма", "Сол бір кездер", Атырау қаласынан келген "Қызғалдақ" вокалды-аспапвты ансамблі "Атамекен", "Сәулем-ай", "Жан жарым", "Тамшы", "Спасательный круг", Қызылқоға ауданының "Ойыл әуендері" вокалды-аспапты ансамблі "Аман бол", "Өкінбе сен", "Аңсаған гүлім", "Тау ішінде", "Махаббат мұңы" әндерін көпшілік назарына ұсынды. Ал, жергілікті "Мақат әуендері" вокалды-аспапты ансамблі болса "Мәңгілік ел", "Жайықтың жағасы", "Махаббатпен ойнама сен", "Алтынай", "Бір көргеннен" әндерін орындап, көрермендер көзайымына айнала білді.
Шара соңында фестивальге қатысқан барлық халықтық-аспапты-вокалды ансамбльдеріне аудан әкімінің алғыс хаты мен гүл шоқтары және екі жүз елу мың теңгелік қаржылай сертификаты табысталды.
Б.Асхатқызы