Ата Заң - Алтын тұғыр

(0 Votes)

Бүгін аудандық мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс шарасы өтті.

 Салтанатты жиында алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Одан әрі сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов жиналған көпшілікті халқымыздың аса қастерлі, әрі ұлық мерекесі саналатын Конституция күнімен құттықтап, аталмыш мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар ол өңірдің экономикалық дамуы жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды, атап айтар болсақ, аудандық электрмен жабдықтау дистанциясының аға электромеханигі Н.Мақтановты, Мақат почта бөлімшесінің курьері А.Сабетованы, "Атырау-Жарық" мекемесінің механигі Э.Сабыржановты,"Интергаз Орталық Азия" АҚ, Атырау магистралды газ құбырлары басқармасының шебері Е.Бисенғазиевті, аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы С.Әділгерейді, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашлығы бөлімінің қызметкері Ш.Байғазиева, аудандық білім бөлімінің кітапхана қоры әдіскері Ж.Қабдығалиеваны, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінің маманы Р.Жұмағазиеваны, аудандық Сот әкімшісінің жетекші маманы И.Боранованы, аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маман есепшісі С.Сарбалиеваны, аудандық прокуратураның прокуроры М.Уразовты, аудандық аурухананың аға медбикесі А.Елемесоваті, Мақат станция техникалық қызмет көрсеті пунктінің қызметкері Б.Арызқұловты, аудандық аурухана зейнеткерлері Ж.Асановты, Қ. Өткелбаеваны, Мақат желілік полиция бөлімінің қызметкері Ә.Тасмағамбетовті, ПЧ-9 мекемесінің жол жөндеушісі Н.Жалмұхановты, аудандық Мансап орталығының директоры А.Бағытовты, аудандық Ішкі саясат бөлімінің инспектор маманы Г.Өтепбергенді, Атырау облысы су арнасының бас маманы М.Бөлекбаеваны аудан әкімінің құттықтау алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті. Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT