Доссор кентінде 24 шақырым автокөлік жолы жаңартылады

(0 Votes)
фото: редакция архивінен алынды

Аталған аудандағы автокөлік жолының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан оң қорытындысы алынған. Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы екі жылда ауданның көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 4 жоба жүзеге асырылды. Бүгінде ауданда маңызы бар 100 шақырымнан астам жолдың 76,4 шақырымы толықтай жөндеуден өтті. Ал олардың жағдайы 59,8%-дан 69,9% дейін өскен.

- Көп жылдан бері тұрғындар тарапынан өзекті мәселеге айналған Доссор кентіндегі Бірлік ықшам ауданының автокөлік жолдары «Доссор кентінен 24 шақырым кентішілік автокөлік жолдарын салу» жобасы аясында толықтай аяқталды. Аталған жоба шеңберінде Доссор кентінде Бірлік, Ынтымақ ықшам аудандарында, Ш.Исанов, Қ.Жылқышиев, Қ.Сейтов, Б.Дәулетбаев, Т.Текеев, Р.Төлешқалиев көшелерінде 11 шақырым автокөлік жолы салынды. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табатын болады. Қазір Доссор кентіндегі М.Өтемісұлы, Ш.Еркешов көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу жұмыстары жүргізілуде,- деді Р.Ибрагимов.

Сондай-ақ аудан әкімі аталған жұмыстар қаражаттың бөлінуіне орай кезең-кезеңімен жасалатынын жеткізді. Бұдан бөлек өзге де жобалар жасақталуда. Сол жүзеге асқаннан кейін Мақат кенті 100 пайыз автокөлік жолдарымен қамтылмақ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521