Электронды қызмет - оңтайлы шешім

Электронды қызмет - оңтайлы шешім
фото: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен
(0 Votes)

Дүйсенбі күні аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Әбуовтің бекітуімен аудан бойынша аудандық мекемелерде, білім беру ұйымдарында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыруға арналған жоспарға сәйкес мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті. 

Кездесу барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Ақбержанова мен Ә.Исмагамбетова және "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпорациясы" КЕ АҚ Атырау облысы филиалы Мақат аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің реттеу залының басшысы Г.Қожырбаева жиналған көпшілікке электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттар берді.

Шара барысында электронды цифрлы қолтаңба арқылы egov.kz порталымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйден қажетті құрал жабдықтарына, сонымен қатар шипажайларға өтінім беруі мен еңбекші көшіп келушілер туралы, egov.mobile мобильді қосымшасының қызметі және өзге де анықтамалар алу жолдары түсіндірілді.

Іс-шараға "Мақат желілік өндірістік басқармасының" және "Мақат Энерго жөндеу" мекемесінің қызметкерлері қатысып, көкейде жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, заң аясында жауап алды.

Б.Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT