Мақатта "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикасы өтеді

(0 Votes)

ҚР ІІМ ӘПК-нің  ағымдағы жылдың 10 шілдедегі  №1-5-5-6-78/2019-И санды нұсқауына сай, ағымдағы жылы 17-19 шілде  аралығында аудан көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.  

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.

М.Бисенбаева

Мақат ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT