Аудан әкімдігінде ведомствоаралық кеңес өтті

(0 Votes)

 Бейсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, құқық бұзушылық профилактикасы және кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Оған аудан әкімі мен дербес бөлім басшылары, Атырау облысының жергілікті полиция қызметі басқармасының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Кеңес отырысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, алаяқтық пен ұрлық қылмыстарымен күрес, пробация қызметінің жұмысы, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен жалпы құқық бұзушылықтың жұмыс нәтижесі талқыланып, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты органдар мен мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.

Т. Аруов

Мақат ауданы прокуратурасының прокуроры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT