Майталман мұнайшы

(0 Votes)

Доссор кентіндегі аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «Майталман мұнайшы» тақырыбында шара өтті.

Шара ауданға еңбегі сіңген мұнайшылардың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат етті. Кешке Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшылары Қаспаева Жұмазия, Дәужанова Бәкес, мұнайшы, Ембінің ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдардың иегері Есеев Әжібайдың ұрпақтары, сондай-ақ ауданымызға белгілі ақын Қуат Мыңтұрғанов пен Мақат ауданының құрметті азаматы, мұнайшы Марат Шәйкөнов және мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты. 

saigonob-1

saigonob-2

Кеш барысында ғасыр белесінде талай өткелдерден өтіп, небір қиыншылықтарды еңсеріп, қайсарлық пен қажымас қайрат танытқан мұнайшылардың ерен еңбектері турасында сөз қозғалды. Мұнайлы өлкенің қалыптасуы мен өркендеуіне мол үлес қосқан мұнайшылар Қайырғали Жылқышиев, Әлғазы Ильясов, Сабырғали Зорбаев, Ермек Дүтбаев, Сафи Өтебаев, Нәбира Шағырова, Балғаным Доспаеваның даңқты істері мен ұрпаққа қалдырған үлгі-өнегесі жастарға паш етілді.        

Сондай-ақ, шара барысында мұнайлы ауданның тарихынан сыр шертер бейнебаян тамашаланды. Доссор кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп оқушылары кеш қонақтарына сазды сәлемдемесін жолдап, мұнай тақырыбында өлеңдер оқыды.

Г.Мырзағалиева,

Мақат тарихи өлкетану музейінің

 экскурсия жүргізушісі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT