Теолог мамандар жастарға жат ағымдардан сақтанудың амалдарын түсіндірді

(0 Votes)

Жұма күні облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Ақпараттық талдау орталығының» республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы аудан жастарымен  кездесті.

Топ құрамында «Шапағат  деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Мұхидден Омаров, практик-психолог Марина Букашова,  облыстық дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Аян Бақтығалиев болды.

Шара қонақтары тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, діни құндылықтарды насихаттауды кеңінен түсіндіруді мақсат етті.

jandarbek-1

Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов ашса, теолог Мұхидден Омаров жастарға жат ағымды дәстүрлі діннен қалай ажырату керектігі жөнінде түсіндіріп өтті.
"Дәстүрлі емес діни ағым өкілдері интернет ресурстарын өте тиімді пайдаланатындығын ескермеуге болмайды. Жат діни ағым өкілдерінің діни сайттары мен әлеуметтік желілерде көптеген топтары бар екені белгілі. Яғни, әлеуметтік желілерде теріс діни ағымдарды таратып, бөлісуге болмайды",- деген облыстық дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Аян Бақтығалиев «Діни қызмет туралы» Заң бойынша әкімшілік-құқық бұзушылық кодексімен жеке адамдарға 25 МРП, ал заңды тұлғаларға 50 МРП айыппұл салынатынын ескертті.

Ал, арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келген практик-психолог Марина Букашова ұялы телефон  қандай да бір шаруаны бітіруге қолжетімді болғанымен зиянды жақтарына да тоқталып өтті. Сөзін қорытындылаған маман тәжірибе жүзінде теріс діни ағымдардан жапа шеккен отбасылармен және Сирияға барып келген қыз-келіншектерге психологиялық көмек көрсетіп жүргенін де айтып өтті.

А.ТАУМҰРЫНОВА
Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT