Мақатта азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

(0 Votes)

«Amanat» партиясының аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Бақылау комиссиясының төрағасы Мереке Басанов жүргізген отырысқа аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің, аудандық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің басшылары және партия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Азық-түлік бағалары бойынша жүргізген жұмыстар жөнінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің уақытша міндетін атқарушы А.Жангереева баяндады.

Баяндамада аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырғаны айтылды. Баға тұрақтылығын тексеру, бағаның күнделікті қадағалау нәтижесі мен апта сайын жүргізілетін мониторингтік талдау көрсеткеніндей бірқатар сауда дүкендерінде азық-түлік бағаларының өсуі байқалған. Оның ішінде, "Лидер" сауда орталығына тұрақтандыру қоры арқылы әкелінетін әлеуметтік маңызы бар тағамдардан, әсіресе, көкөністер мен қанттан шектік бағадан жоғары көрсеткіш анықталды. Картоп бағасының бекітілген шекті бағасы 188 теңгені құраса, аталмыш сауда орнында сату бағасы 234 теңгені құрап отыр. Ал, сәбіз өсімі 43 теңгеге өссе, шекті бағасы 97 теңге болатын пияз 310 теңгеге сатылуда. Аталмыш көкөніс бағасы 3 тоқсанда бекітілген бағадан 213 теңгеге жоғарылаған.  Сондай-ақ, қант бағасы 335 теңгені құраса, қазір 527 теңгеден саудалануда. Аталған өнім басқа сауда орындарына қарағанда «Лидерде» әлдеқайда арзан.

Ауданда көрсетілген шекті бағадан төмен бірінші сұрыпты нан бағасы "Ару" сауда үйінде - 100 теңге, "Болашақ" шағын маркетінде - 110 теңге, "Айбас нан" наубайханасында - 110 теңге болса, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ашылған "Дәулет нан" сауда нүктесінде - 90 теңге және тұрақтандыру қоры арқылы бөлінетін "Лидер" супермаркетінде нан бағасы - 82 теңгеден.

 - Аптаның әр бейсенбісінде өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде азық-түлік бағасы, кент ішінде сатылып отырған сауда дүкендеріне қарағанда 5-10 пайызға төмен. Оның ішінде, картоп бағасы 170-180 теңге, сәбіз 280-300 теңге, пияз 290-300 теңге, қырыққабат 200 теңге, жұмыртқа 33теңге, тауық еті 1300 болса сиыр еті 2300 теңге. Өзге сауда орындарындағы бағаның жоғары болуына азық-түлік облыс пен өзге өңірлерден тасымалдануы, әрі қымбат бағада келуі себеп,- деді А.Тілегенқызы өз баяндамасында.

cbee4ac0-a35f-4b54-862b-8a5f73f8b4bd

Күн тәртібіндегі екінші мәселе "Жер аманаты" жобасы бойынша аудандық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Д.Тукешов өз есебін берді.   

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жалпы көлемі - 679 480 гектар болса, оның ішінде босалқы жерлер - 589 648 гектар. Жайылым жерлерден пайдалануға берілген 47 жер учаскесі бар. Оның ішінде қазіргі уақытта жайылым жер учаскесін 2 шаруа қожалығы пайдаланбай отырған көрінеді.

- Қазіргі уақытта жайылым жерді пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарына жер учаскесін игеру жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама берілді. Мұның ішінде, жердің пайдалану мерзімі аяқталған 1 шаруа қожалығы анықталып, жер учаскесін мемлекеттің жер қорына қайтару жұмыстары жүргізілуде,- дейді ол.

Бәйгетөбе ауылдық огругінде 476 бас ірі қара, 1067 бас ұсақ мал, 539 бас жылқы, 140 түйе бар. Мал басына түсетін жүктеме нормасын есепке алып, жергілікті халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін 24579,6 гектерға жуық жайылым қажет екен.

Аталмыш мәселе бойынша, аудандық прокуратурамен бірлесе кәсіпкерлік мақсаттағы игермей отырған жер учаскелері бойынша түгендеу жұмыстары жүргізіліпті. Мониторинг нәтижесінде игерілмей отырған 20 жер учаскесі анықталып, Атырау облысы жердің пайдалануы мен қорғауын бақылау департаментіне шара қолдануға хат жолданды.

Қаралған мәселелер борйынша ой-пікір ортаға салынған отырысты бақылау комиссиясының төрағасы М.Бектұрлыұлы қорытындылап, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

 

А.Жұмабергенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521