Мақатта ардагер полицей Сәбит Халенов мерекелік төсбелгімен марапатталды

(0 Votes)

Тамыз айының алғашқы күні аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлері бастауыш ұйымының төрағасы Хамидолла Сейдахметов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халеновты «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады.

Аталған төсбелгі ішкі істер органдары және ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің төрағасы, полиция генерал-майоры Ө.Болсамбековтың атынан табысталды. Сонымен қатар, марапаттау шарасына аудан жастары да қатысты.
Айта кетейік, Сәбит Сүлейменұлы алғашында сот саласында, кейін 1965-1990 жылдары аралығында ішкі істер органдарында тапжылмай қызмет еткен. Адал еңбегі үшін сол кезден-ақ көптеген наргадаларға ие болған. 2010 жылдан бері қоғамдық жұмыстарға араласып, үш мәрте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына сайланды. Сондай-ақ, «Мақат ауданының құрметті азаматы» деген де атағы бар.


А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521