Доссорда 67 көшеге жол төселеді

(0 Votes)

Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Исламұлы жұмыс сапарымен Мақат ауданына келді.

Доссор кентіне табан тіреген халық қалаулысы аудан әкімінің орынбасары, кент әкімі, аудан депутаттарымен бірге кенттегі құрылыс нысандарын аралады. Әсіресе, асфальт төселіп, қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан жол құрылысының сапасын көз жеткізді.

66ae86ce-387b-45d5-8d5b-6a02534d54de

- Доссор кентіндегі 20 шақырым жол қайта жаңғыртудан өтуде. Оны «АИС Атырауинжстрой» компаниясы жүргізіп жатыр. Дәлірек айтқанда 23 645 метрді құрайтын жол 67 көшені қамтиды. Соның былтыр 1,8 км, биыл 10 км жасадық. Келер жылы қалғанын бітіреміз. Кездесіп жатқан кедергілер жоқ,-деді "АИС АтырауИнжстрои" серіктестігінің техникалық қадағалау сарапшысы Қази Башаров.

Бүгінде, кенттің «Бірлік» шағын ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тіпті, аяқталар күні де алыс емес. Жол құрылысына байланысты газ, су құбырлары мен байланыс желілерінің бір бөліктері жер астына өткізілмек. Сондай-ақ, жаңа асфальтт жанынан 5500 метр жаяу жүргінші жолы салынып, олардың жанына жаңа үлгідегі 81 жарық шамдары орнатылады.

41b2bf37-26b8-469a-9944-694688728471

Айта кетейік, былтыр жол сапасын жақсарту үшін 180 млн теңге қаржы бөлінсе, биыл 1 млрд 443 млн теңге ұлттық қордан бөлінген. Бұл жобада бекітілген 30 көшенің жол құрылысына жетеді дейді мамандар. 

 

А.Жұмабергенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT