МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП РИНАТ ИБРАГИМОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

(0 Votes)

«Бүгін Атырау облысының әкімі Maхамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының жаңа әкімі Ринат Ибрагимовті аудан активіне таныстырды», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Ауданның жаңа басшысы Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ, Мақат аудандық мәслихатының келісімімен тағайындалды. Ринат Ибрагимовті активке таныстырған өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша алда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

 

Облыс әкімі ауданды екі жарым жыл басқарған Шәкір Кейкинге ауданды дамытып, көркейтуге қатысты жасаған жұмысы үшін алғысын білдірді.

 

Ринат Хисаұлы Ибрагимов 1986 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

 

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген.

 

Еңбек жолын 2009 жылы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо, кейін самбо күресі бойынша жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған.

 

2016 жылы «Барыс» балалар мен жасөспірімдер клубының директоры, ал 2017 жылы Атырау қалалық су спорты түрлері клубының директоры болып қызмет етті.

 

2017-2018 жылдары  қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

 

2018 жылдың қазан айынан бастап аудан әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.

 

Ринат Ибрагимов спорт саласында көптеген жетістікке қол жеткізген. Ол дзюдодан Әлем кубогының иегері, 2008 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Пекин және Лондон Олимпиадасына қатысқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT