Аудан офицерлерінің аналары алғысқа бөленді

(0 Votes)

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі А.Ізмағанбетов аудандық полиция бөлімі жеке құрамының аналарын "Офицердің анасы" төс белгілерімен марапаттады.

“Осындай білікті де білімді офицер ұлдар мен қыздар тәрбиелеп өсіргендеріңіз үшін Сіздерге мыңда алғыс білдіреміз”,- деді А.Ізмағанбетов.

64e91645-b2cd-4e7c-a364-0343f6d4d9bc

Сондай-ақ, полиция бөлімі мемлекеттік қызметшілерге және жалдамалы қызметшілерге мерекелік көңіл күй сыйлап, алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар, полиция бөлімінің жеке құрамында қызмет ететін әйел полицейлерге арналған марапаттау шарасы өтті.

b9ee451c-51af-4d1f-9ab6-4b6888438fae

Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.Ізмағанбетов шараны салтанатты түрде ашып, нәзік жанды әріптестеріне арнайы құттықтауын жеткізді. Бөлім бастығы өз құттықтауында, текті де қайсар қазақ әйелдерінің ерлерден кем түспейтін қайсарлығын айтып, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтер атқарып отырғанына тоқталды. Ішкі істер органдарында ерлермен иық тіресе қызмет атқарып жүрген әйел полицейлердің темірдей төзіміне құрметін білдірді. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жеке құрамында қызмет ететін барлық әйел қызметкерлерді сыйлықтармен, Атырау облысы әкімі атынан, Атырау облысы полиция департаменті бастығы және бөлім бастығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT