Сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасаған аудан тұрғындары арасында қазақы ұлттық киім киген жандар көп. Сондай-ақ, қай-қай сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері де бірауыздан ұлттық киім киіп, сайлаушыларды мерекелік көңіл күймен қарсы алуда.
Сайлау процесі басталғалы сағат 16:00-ге дейін 10 мынан аса сайлаушы өз таңдауын жасап, сайлау учаскесінде адамдардың аяқ-алысы саябырсымады.
Бұл жердегі ұжым мүшелері біркісідей сайлаудың да, ұлттық мерекенің де жоғары деңгейде өтуіне ұйымшылдықпен атсалысуда.