Мұнайшыларға сайлау жәшігі жеткізілді

(0 Votes)

№205 референдум учаскесінде 1088 адам дауыс береді деп жоспарланған. Оның 225-і вахталық әдіспен еңбек ететін азаматтар.

“Доссормұнайгаз” мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты Солтүстік Жолдыбай мен Шығыс Мақат кен орындарына комиссия мүшесі Ақтоты Сайлауқызы сайлау жәшігімен арнайы барған болатын.

Айта кетейік, вахталық ауысыммен жасайтын жұмысшылардың өз таңдауын жасауға арнайы жағдай жасалған. Сондай-ақ, мұнда қызмет ететін еліміздің басқа да өңірінің азаматтары өз өтініштерімен есепке алу куәліктері арқылы дауыс бере алады. Сондықтан, олар күнделікті жұмыстарына кіріспес бұрын, саяси науқанға белсенділік танытып, бір кісідей атсалысты.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз