Көшпелі мәжілісте келелі ой қозғалды

(0 Votes)

Апта басында облыстық қоғамдық келісім кеңес төрағасы Нұржан Ермұханов, облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ләззат Жылқышиева ауданымызда болып, кеңестің көшпелі мәжілісін өткізді.

Мәжіліске төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева елдегі татулық пен  ұйымшылдықтың көрінісін танытқан кеңес жұмысының өткен жылғы атқарған жұмысын баяндау үшін кеңес хатшысы Ләззат Бексұлтановаға сөз берді.

liazat

Хатшы баяндамасына қаныққан Л.Жылқышиева кеңес жұмысының толыққанды қарқын ала алмай, баяу әрі жүйесіз жүргізіліп келетіндігін сынға алды.

Жалпы, кеңес ақсақалдар, әкелер, аналар, әйелдер, жастар кеңестерінің  басын қосып, бірге жұмыла жұмыс істей алады. Десек те, ауданда әр ұйым өзінше жеке-жеке даму жолына түсіп алған.

«Кеңестердің барлығы Қоғамдық келісім кеңесі деген атаумен қоғамдағы кез келген салада қордаланған мәселені шешуге белсене араласа алады. Республика көлемінде ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен құрылған қоғамдық келісім кеңестері қоғамда болып жатқан келеңсіз мәселелерді талқыға салып, нақты ұсыныстармен шешілу жолдарын қарастыруда. Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері де қоғамда беделі бар, айтары нақты, сөзі өтімді тұлғалардан сайлануда. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық келісім кеңестері Ассамблея жанынан құрылып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірге қызмет етуі тиіс» дейді Л.Жылқышиева.

gyljan

Әсіресе, инфрақұрылым жағдайлары, атап айтқанда, жарық жүргізу, газ тарту, таза ауыз су мен жол тарту мәселелері, күрделі жөндеуді қажет ететін балабақша, мектеп, мәдениет үйлері, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылар жайын шешуде, халықтың ойымен билік санасуы үшін ұсыныстар айтуда және тағы басқа мәселелерді шешуде жергілікті жердегі билік өкілдерімен қоса Қоғамдық келісім кеңестері секілді көмекші ұйымы шешуіне әбден болады. Бір сөзбен айтқанда, «саусақты біріктіріп, инені іліктіруге» белсенді қызмет қажет.

Мүдделі кеңестің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен тоқталған облыстық кеңес  басшысы Нұржан Ермұханов отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанын 25 жыл толу құрметіне орай аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашеваға ескерткіш сыйлық табыс етіп, алдағы қызметіне шығармашылық табыс тіледі.

oksana

Өз кезегінде доссорлық тұрғындар атынан сөз алған Ирина Евсюкова туған жерде ауылдастарымен біріге ауыл тұрмысының жақсарып, гүлденуі үшін жанашырлық танытып жүрген отандастарын мақтан тұтты. Ынтымақ пен бірлік арқылы кез келген қиындықты біріге жеңуге шақырды.

evsikoba

«Елсана» руханияттың қауымдастығының мүшесі, аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған әжелер ансамбілінің мүшесі Тасмағанбетова Үмітжан апа халықтың салт-дәстүрі мен ұмыт болған қолөнерін қайта жаңғырту турасында жүзеге асып жатқан игі істерге тоқталды. Осы бағытта атсалысып жүрген елдің елеулі азаматтарына ілесіп, өз үлесін қосып жүргендігін мақтаныш етіп, ел тыныштығы мен берекесі үшін барша жерлестерін игілікті шаралар басынан табылуға шақырды.

Жиын соңынан сөз алған аудан әкімінің орынбасары О.Айкашева медиациялық істерде, әлеуметтік мәселелерде, тұрмысы төмен отбасыларға қатысты, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу жайлы мәселелерді кеңестің күн тәртібіне қою мүмкіндіктерін қарастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ,  мемлекет пен қоғамдық күштердің бірігуін қамтамасыз етіп, тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті, реформалар бағдарламасын орындауда, бірлікті нығайтуда қоғамдық келісім кеңестің рөлін жоғары көтереріне сенім білдірді.

Г.САЛИКОВА

Суретті түсірген: М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT