Талпынған жанға табыс бар

(0 Votes)

Өңірдегі ірі инвесторлардың бірі "ТШО" компаниясының өкілдері 5қазан күні ауданымызда болды. Х.Санбаев атындағы орта мектептің жиын залына жиналған кәсіп үйренуді көздегендерге  аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары жанашыр меймандармен таныстырды.

"Теңізшевройл" ЖШС-і 2020 жылы жұмыссыздардың есебінен 7 мамандық бойынша 700 адамды оқытуды жоспарлап отыр. Ауданымызға келгендегі мақсаты  аталмыш жоспарды жүзеге асыру үшін жұмыссыздарды іріктеу. Бұл - бүгінде жұмыссыз жүрген ынтасы мол, алайда арнайы алған кәсіптік білімі жоқ тұрғындарымыз үшін таптырмас мүмкіндік еді.

jumyssyz-1

Естеріңізде болса, бұл алып компанияның алқашқы оқытуы емес еді. Бұған дейінгі лекте 329 адам оқып, оның 65-70 пайызы бүгінде жұмысқа орналасып үлгерген. Ұйымдастырушылар "Біз білім алуға жол ашамыз. Ал, кәсіпті жоғарғы деңгейде меңгеріп, көзге түсіп жатырсаңыздар, кең байтақ республикамыздың кез келген жерінде қиналмай, еңбек ете бересіздер",-деп сендірді.

Жоғарыда аталған 7 мамандық: ағаш сатыны монтаждаушы, құрылыс конструкциясын дәнекерлеуші, темірбетонды конструкция монтаждаушы, құбыр монтаждаушы, электромонтаждаушы, бақылау-өлшеу  құралдарының автоматикасы, жұмысшы мамандықтары (оқшаулаушы, арматуршы, бетоншы) секілді кәсіптер. Бұлардың ішіндегі алты мамандықты "West way service " оқу орталығы оқытатын болса, дәнекерлеушілікке баулуды "Орес" мойнына алған. 

umyssyz

Көрсетілген кәсіп түрлерін меңгеруді көздеген көршілес қызылқоғалық жұмыссыз тұрғындар да тап осы жиын ортасынан табылды. Арнайы степендиясы жоқ демесеңіз, олардың жатын жері, үш мезгіл тамақтануы тегін қарастырылған. Оқу 19-шы  қазанда басталып, үш айға созылмақ. Ендеше іріктеуден өткендерге сәттілік! 

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT