«Көп ішінде көрші тату» (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Елбасының Жарлығымен 1 наурыз-Алғыс айту күні болып жарияланды. Игі бастама барша қазақстандықтардың жүрегінен орын алып, кең қолдауға ие болды.

Бұл ең алдымен мемлекет құраушы қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғысын, ризашылығын жеткізуі.

Осындай жандардың бірі, орыс халқының тумасы, доссорлық Сабыржанова Вера өзінің қазақ елінің азаматшасы болғанын мақтан тұтады. Ұстаның қызы Батыс Қазақстанда дүниеге келіп, өзінің жүрек қалауымен құрылысшы болып, еңбек жолын бастайды.

-1995 жылдан бері Доссор кентінде тұрып келе жатырмыз. Жолдасым Эдуард екеуміз 4 бала тәрбиелеп өсірдік. Шүкір, жағдайымыз жақсы. Немере-жиендерімнің қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешудеміз, дейді бақытты ана.

Қазақстанда жағдай тұрақты, халықтың әлеуетін жақсартуға жұмыстанып, көпұлтты мемлекетіміздің татулығын жарастырған саясатына ризашылығы зор.
Жергілікті тұрғындармен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың тойлары мен қонақасыларында қуаныш-қайғысына ортақтасып, еш жатырқамастан бірге жүргенін мақтан етеді.

Ортақ Отанымыздың қамқорлығы, мейірбан қазақ ұлтының бір-біріне құрметі елді сүйіп, онда алаңсыз тұруға негіз дейді кейіпкер.

Қазақ халқының салт-дәстүрі, тарту-таралғысы, ас мәзірі, қонақжайлылық қасиеті де Вера Эдуард зайыбын айналып өтпепті. Дастархан мәзірінен қазақтың тағамдарын дайындап, қонағына ұсынып жүргенін ауылдастары сүйсіне әңгімелейді. Болмысында ақжарқын, қолында барын қонағына ұсынғанды жөн көріп тұратын жомарт жан. Ұлты орыс болса да, қазақтың әдет-ғұрпына құрметпен қарайтын ол көршілерінің тыныс-тіршілігімен етене араласып, айналасына тек риза көңілде. Ол өзінің отбасының шағын мемлекет екендігін, онда тек тыныштық пен өзара сыйластық орын алғандығын мақтан етеді. Электр саласын таңдаған отбасының мүшелері бақуатты тұрмыс кешуде.

Сабыржановтар отбасы 1 наурызды құрметпен қарсы алып, барша отандастарына алғысын білдіреді.

Е.МЫРЗА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT