МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

(0 Votes)

 25 қазан – Республика күні қарсаңында мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен қызметкер марапатқа ие болды.

 Мақат ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Светлана Ризақызы Сарбалиева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ведомстволық наградасы «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды.

Құрметті марапатты Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы салтанатты шарада табыстап, төсбелгі иегеріне мемлекеттік қызметтегі қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Шара барысында облыс әкімі ұзақ жылдар бойы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегі елеусіз қалмайтынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT