РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ

(0 Votes)

Бүгін 25 қазан – Республика күніне орай орталық Рәміздер алаңында Мемлекеттік Ту тұғырын көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова, аудандық мәслихат төрағасы, дербес бөлім басшылары, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Мерекелік шарада алдымен Мемлекеттік Ту жоғары көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды.

Жиынның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы аудан жұртын Республика күнімен құттықтап, ізгі-тілегін жеткізді.

Әрі қарай аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов сөз алып, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

Салтанатты жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Г.Жұбанышқалиева

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT