Әкімшілік лауазымдарының жәрмеңкесі

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына орай ауданда мемлекеттік қызметкерлердің бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратына жиналған жұмыссыз жастарға аудан әкімі аппарат басшысы Жарас Есенғалиев мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу талаптары туралы түсінік берді. Еліміздегі «100 нақты қадам» бағдарламасында кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытындағы қадамдарды жадылай отырып, мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген жұмысты жұмыс уақытынан тыс қалдырмай, өнімді, тиімді еңбек ету үрдісін қалыптастыру талаптарын түсіндірді.

Ауданда қазіргі таңда мемлекеттік әкімшілік лауазымына 5 лауазымдық орын бос тұр. Оның 2-і басшылық қызмет болса, 3-і декреттік демалысқа кеткен мамандардың уақытша бос тұрған орындары. Алайда, мемлекеттік қызметке талап білдірушілер уақытша орындарға орналасуға құлықсыздық басым. Ұйымдастырушылар мемлекеттік қызметке ниет білдірушілердің уақытша орындардан тәжірибе жинақтау мақсатында орналасуға кеңес берді.

Л.МЫҢБАЙҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521