Қуанса, бала қуансын!

(0 Votes)

Тамыз айының 1-де бастау алып қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл да көптеген отбасы балаларын мектепке жаңа формамен, оқу құралдарымен баруына септігін тигізіп, әлеуметтік көмекке мұқтаж, көп балалы отбасы ата-аналарына бірден бір көмек болды деп есептейміз.

Оған дәлел «Балаларға бірге көмек берейік» ұранымен басталған акция барысына ауданның белгілі кәсіпкерлері,әкімшілік, өндірістік мекемелер, сондай-ақ, мектептер мен балабақшалар да өз үлестерін қосты. Соның ішінде «НКОК» компаниясы жыл сайынғы дәстүрімен сапалы оқу құралдарымен толық қамтылған оқушы сөмкесін мектебіміздің 10 оқушысына тарту етті. Сондай-ақ, дәлелсіз мектепке бармай жүрген оқушыларды анықтау және көмекке мұқтаж балаларды анықтау мақсатында рейд жұмыстары жүргізіліп,оған мектебіміздің мұғалімдері қатыстырылды. «Көп түкірсе,көл болар» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Көптің көмегінің, жарасқан бірлігіміздің арқасында қазіргі таңда мектебіміздің 43 оқушысына көмек беріліп отыр. Бұл қуантарлық жағдай. Қуанса, бала қуансын! Мұндай акцияның жыл сайын баланың қуануына септігін тигізіп отырғанына біз де ризамыз!

Э.ТУТИЕВА,

М.Баймұханов атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521