Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

(0 Votes)

Адамзат тарихында «Өрт пен су – тілсіз жау» деген ұғым қалыптасқан. Алайда, өрттің шығуына себеп болатын адами фактор екенін ескерсек, өрт қауіпсіздігі шараларын орындай отыра, оның алдын алуға болатынын ұмытпаған жөн.

Түсіндіре кетейін, «Өрт қауіпсіздігі шаралары» дегеніміз – өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекеттер. Өз кезегімізде өртті болдырмас үшін төмендегідей негізгі ережелерді сақтау қажеттігін тағы бір мәрте естеріңізге сала кеткіміз келеді:

- электр құрылғыларын пайдалану кезінде сақтық танытып, техникалық жағдайын уақтылы қарап, үйден шығарда олардың тоқтан ажыратылғанына көз жеткізу. Ақауы бар техникаларды мүлдем пайдаланбау;

- кішкентай балалардың сіріңкемен ойнауына, үйде қараусыз қалуына және өз еріктерімен газ немесе электр құрал-жабдықтарын пайдалануға жол бермеу;

- балаларыңызға ес білгеннен бастап өрт қауіпсіздік шараларын үйрету;

- газ плитада дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдырмау; Осы тұста ерекше тоқталып кеткім келеді. Өздеріңіз бен жанұяңыздың қауіпсіздігі үшін тамақ дайындауда аса мұқияттылық пен тиянақтылық танытуыңызды сұраймыз.

- үйіңіздің ауласын, сарай, мал қораларыңыздың, көлік-жайларыңыздың іші-сыртын пайдаланбайтын артық заттардан, қоқыстан уақтылы тазартып отырыңыздар;

- үйіңіздің ауласында тез тұтанғыш заттармен бірге жанар жағар май, майларын сақтамаңыздар; Өрт шыққанын байқаған сәтте 101 немесе ұялы телефон байланысы 112 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет.

Естеріңізге сала кетейін, 101 немесе 112 нөмірлеріне телефон соғу тегін. Өрт сөндіру қызметіне өрт жөнінде хабарлаған кезде төмендегідей мәліметтер берілуі тиіс:

- өрттің болып жатырған мекен – жайы;

- хабарлаушының аты –жөні және байланысып тұрған телефон нөмірі.

Ең алдымен, абдырап, шу көтермеуге тырысып, қауіпсіз шығу жолын таңдаңыз. Өрт кезінде лифт пайдаланбаңыз, саты арқылы түсіңіз. Ешқашанда бағыт, бағдарсыз қашпаңыз. Өрт сөндірушілердің бұйрығына толықтай бағыныңыз. Әр жағдайда өзіңді сенімді ұстап, үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасап, бірінші кезекте балалар мен қарттарға көмек көрсете біліңіз!

С.ЕЛЕУБАЕВА,

ауданның ТЖБ бастығының у.м.а. азаматтық қорғау майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521