Әкім мереке иелерін қабылдады

(0 Votes)

Мұнай-газ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында бір топ мақаттық мұнай-газ саласы майталмандары аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімі Жұмабай Қарағаев саланың бір топ еңбеккерлерін қабылдады. Басқосуда аудан басшысы мұнайшылар мен газшыларды төл мерекемен құттықтады. Өндіріс қызметкерлерінің ерен еңбегіне тоқтала келе, олардың атқарған өлшеусіз жұмыстарына жоғары баға берді.

Кездесуге келген мұнай-газ саласында ұзақ жылдардан бері табысты еңбек етіп келе жатқан инженерлер мен жұмысшыларға алғысын білдірді. Кездесуде аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Жоламанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов және мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов мереке иегерлерінің табысты еңбегіне алғысын білдірді.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521