Мұнайшылар мерекесі – елдің берекесі

(0 Votes)

Өткен аптаның сәрсенбісі күні Доссор мәдениет үйінде мұнай мен газ өндіру саласы мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтті.

Салтанатты жиналыста «Ембімұнайгаз» АҚ-ы басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев құттықтау тілегін арнап, еңбегі елеулі бірқатар жұмысшыларды марапаттады. Ал, «Доссормұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының бастығы Сүлейменов Амангелді атқарылып жатырған бірқатар жұмыстарды баяндады.

Салтанатты шара одан әрі, басқарма өнерпаздары мен мәдениет үйі ұжымы дайындаған мерекелік концертке жалғасты.

Мақат аудандық халықтық ұлт аспаптар оркестрі «Той бастар», «Ата толғауы», «Адай» күйлерін төгілтсе, «Ботақан» мұнай өндіру цехының қызметкерлері Т.Мырзағалиев, Қ.Үмбетов халық әндерінен попурри орындады.

Шара соңы Ж.Жұмағалиевтың орындауындағы «Мұнайшылар» әнімен қорытындыланды.

Айта кетейік, Ембі мұнайының тарихы сонау он тоғызыншы ғасырдың соңында Қарашүңгілден бастау алса, мұнай өнеркәсібінің бастамасы 1911 жылы Доссордағы №3 скважинадан атқылаған мұнай фонтанымен тарихта қалды. Сөйтіп, еліміздің тарихында алтын әріппен жазылған Ембі мұнайын бүгінгі өндірушілері ата-баба жолынан адаспай, ел қазынасын еселеуде қарымды еңбек үлгісін танытып келеді.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521