Орталық бағдарлама бағытын ұстанады

(0 Votes)

Мемлекеттік бағдарламалар аясында ел әлеуетін көтеруге бағыт-бағдар беріліп, нәтижелі жұмыспен қамту мақсатында өз кәсібін ашуға ниетті талапкерлерге мүмкіндік мол. Бұл тұрғыда ауданда кәсіпкерлікті қолдау, жұмыссыздықпен күресу мақсатында игі шаралар жүзеге асып, өз кәсібін дөңгелентіп отырған тұрғындардың ынтасы көңіл қуантады. Аудан әкімдігінің қолдауымен биылғы жылы ауданда жеке кәсібін ашып, халыққа қызмет көрсетуге кіріскен белсенді тұрғындар саны еселенуде.

Солардың бірі жаңадан кәсібін бастаған Тапанова Райхан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 4 миллион теңге несие алып, «Нұрбағыт» оқу орталығын ашты.

Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Азамат Шаңғалаев қатысып, кәсіпкердің жас ұрпақтың заман талабына сай білім алуына қолайлы жағдай туғызып отырған бастамасына сәттілік тіледі. Оқу орталығының болашағынан зор үміт күткен ата-аналар мен ауыл тұрғындары оқытушы мамандарға шығармашылық табыс, білім құмар жастарға ізденісті еңбектің жемісін көруді тіледі.

 Қазіргі таңда 2 педагогты жұмыспен қамтып отырған оқу орталығында үш тілдік оқыту және мектепалды даярлық курстары, шахмат, шашка және тоғызқұмалақ ойындарының үйірмелері жұмыс жасайтын болады. Оқу орталығы қажетті құралдармен жабдықталып, 50 баланың білім алуына мүмкіндік жасалып отыр.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521