Дариға – үздік үштікте!

Дариға – үздік үштікте!
(0 Votes)

Ауданда «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар арасында өткен байқауда Л.Шахатов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Дариға Тыныштыққызының облысқа жолдама алғанын жазған болатынбыз. 

Осы ретте аптаның дүйсенбі күні облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Облыстық бәсекеде аудан намысын қорғаған жас ұстаз десант сабақ беріп, кәсіби шеберлігін көрсетіп, заманауи үлгіге сай TEDx форматта математикалық тілде ерекше таныстырылым жасады.

Кіл жүйріктер бас қосқан сайыстың нәтижесінде, Л.Шахатов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Дариға Тыныштыққызы III орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Білім мен білік дағдыларын меңгерген жас маманға толағай табыс тілейміз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521