Бүгін аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында кент әкімдіктеріне арнайы техникалар салтанатты түрде табысталды.
Аталған техникалар облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынды.
Табыстау шарасында аудан әкімі Азамат Мәмбетов бұл техникалар - ауданның тазалығы мен көркейтілуін қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі екендігін жеткізді.
Әрі қарай аудан ардагері Қабылхан Омаров табысталып отырған жаңа техникалар арқылы ауданымыз өркендеп, ажарлана түссін деген тілегін білдірді.
Айта кетейік, аталмыш шара аясында 1 автогрейдер, 1 арнайы авариялық камаз, 4 жүк тиегіш трактор техникалары табысталды.
Ә.Қасым