23 желтоқсан күні “Nur Oran” партиясы атынан аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Мереке Басанов, Бақыткүл Тиышбаева және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Абзал-Сенбі Самаликов «Гүлмира» сауда орталығында кәсіпкер және саудагерлермен экспромт-кездесу өткізді.
Үміткердің өзі алдарына келіп тұрған соң тұрғындар жүріп жатқан саяси науқанның маңызын сұрап, өздерін толғандыратын мәселелерді айтты. Мәселен, тұрғындар М.Баймұханов атындағы орта мектеп жанындағы балалар ойын алаңын асфальттау, 4-ші ауыл аялдамасы қасындағы қоқыс контейнерінің орнын өзгерту секілді мәселелерді көтерді.
Сондай-ақ, сайлаушылар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізді. Тұрғындардың сөзінше, бұл бағдарламада қарапайым азаматтардың қажеттілігі барынша қарастырылып, талап-тілегі ескерілген.
Сауда үйінде өткен кездесуде үміткерлер «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынын жеткізіп, оларға кәсіпкерлік бағытында кеңес берді.
Санитарлық сақтық шаралары барынша сақталған мұндай кездесулер алдағы күндері де жалғасып, үгіт-насихат жұмыстары қызу талқыға түсе бермек.
М.СЕРІКҚЫЗЫ
«Nur Otan» партиясының Атырау
облысы Мақат
ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді